Мектеп-лицейімізде "Learning English with artificial intelligence" атты Ағылшын тілі апталығы аясында 9 сыныптар арасында “Mind Masters” тақырыбында миға шабуыл сайысы ұйымдастырылды.
Шараға әр сыныптан 4 ойыншыдан қатысты.
Жарыс 6 бөлімнен:
Таныстыру
Ұяшықтан сұрақ таңдау
Видео сұрақтар
Кубик сұрақтары
Кахут сұрақтары
Сайыс бөлімдерінде жасанды интеллект пайдаланылды. Оқушылар жасанды интеллектпен жасалған Британия патшасы Елезабеттаның, Дженефер Лопестің, Роналдудің , Мәдина Садвақасованың , Димаш Құдайбергеновтың сұрақтарына қызыға жауап берді.
Оқушылардың ағылшын тілінде өздерін еркін сезінуі, еркін сөйлеуі сайыстағы тапқырлықтары мен белсенділіктерінен байқалды.
Сайыс нәтижесінде жеңімпаз оқушылар марапатталды.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/199-learning-english-with-artificial-intelligence-211.html#sigFreeId8fbf4e10e7







