ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЫ
Мектеп-лицейімізде білім алушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін білімді, іскерлікті, дағдыны, қызметтің әмбебап тәсілдерін және білім берудің нәтижесін қалыптастырып, жұмыс істеуге мүмкіндік беру, қоғамдық дамуда өзінің іс әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін білімді тұлғаны тәрбелеу мақсатында «Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинар 4 бөлімді қамтыды:
І. «Болашаққа қадам» бөлім бойынша
Ізденіс және зерттеу ғылыми шығырмашылық жобалар көрмесі көрсетіліп, Жылыжайдағы «Green land» ғылыми - экспериментік алаңның ашылуы болды.
ІІ. "Физика пәнінде функционалдық сауаттылықты интеграциялау" бөлімі бойынша
Ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізілді.
ІІІ. Тәжірибе алаңы: «Creative Physics Lab» бөлімі бойынша
Зертханалық жұмыстар мен үйірме жұмыстары көрсетілді.
IV. Қорытынды бөлімі бойынша
«ББЖМ бойынша үздік нәтижеге жету жолы», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жұмыстары» тақырыбында баяндамалар оқылып, семинарға қатысушылармен кері байланыс жүргізілді.