Алты Алаштың арманы болған, Арда елдің айбары болған, Ең ұлық мереке - Республика күні! Бүгінгі күн бабалардың желеп - жебеуімен, Президентіміздің бастап бағамдауымен, халықтың қолдап қуаттауымен келген ақжарма қуаныштың күні, сан мың тілектің жарылқанған сәті. Бұл күн - қазақ жұрты ерекше құштарлық пен сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар мерейлі мереке. Ол - ән, ол - жыр, ол - әлемдік, ол - асыл арман, ол - шалқыған шаттық, ол - ұлық мереке! Мектеп - лицейімізде Республика күніне орай «Тәуелсіздігім - тұғырым» тақырыбында мерекелік іс - шара өткізілді. Мектеп басшысы Кабира Ануарқызы мерекеге жылы лебізін білдірді. Шара барысында оқушылар мерекеге орай мың бұрала би билеп, ән шырқады. Асқақ әрі абыройлы Ұлық мерекеміз тағы да құтты болсын! Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болғай!