Республика күні қарсаңында мектеп-лицейімізде "Ақиқат - 15" дебат клубы мүшелерімен "Ел ертеңі - білімді жастар" тақырыбында дебат өткізілді. Оқушылар берілген қарарларды ашық алаңда талдай отырып, өз ойларын айқын жеткізе білді. Форматтың дәстүріне сәйкес турнирде талқыланған резолюциялар қызықты және өзекті болды. Турнир қорытындысы бойынша төрешілер жеңімпаздар мен үздік спикерлерді анықтап марапаттауға ұсынды.