2024 - 2025 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері

Отбасында тәрбиелік белсенділікті, балаларды тәрбиелеуде ата - аналармен атқарылатын жұмыстардың маңызын айқындау, ата - аналар мен ұстаздар арасында қарым - қатынас орнату, бірлесе жұмыс жасай отырып, балалардың тәртібі мен оқуын қадағалап, олардың өмірде жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында мектеп - лицейімізде «2024 - 2025 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында:

”Біртұтас тәрбие” бағдарламасы бойынша биылғы оқу жылындағы яғни қыркүйек - қараша айларындағы жүргізілген жұмыстарға шолу жасалды.

Ата - аналар сабақ беретін пән мұғалімдерінен оқушылардың оқу үлгерімі туралы танысып, ата - аналар мен пән мұғалімдері арасында педконсилиум өткізілді.

Сынып жетекшілер өз сыныптарында ата - аналармен түрлі форматта жиналыстарын жалғастырады.