Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы №05-1-05/514-И хатына сәйкес, «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалі жобасы аясында мектеп-лицейімізде балалар әндерін қазақ тілінде насихаттау және тарату мақсатында жергілікті, әуесқой балалар композиторларымен кездесу кеші өткізілді. Композитор Ербол Асқарұлының ”Мен сені сағынғанда” әнін Болат Алина, Болат Адина; ”Шаршама ұстаз”, “Жаным ана” әнін Балғынбек Исламбек; Композитор Сәкен Шынимовтың ”Назерке” әнін Еркебұлан Молдажанұлы орындады. Кездесу барысында оқушылар композиторлармен ой бөлісіп, естелік суреттерге түсті.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/220-nshua.html#sigFreeId8540e32e05







