Мектеп - лицейімізде «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында оқушылардың мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту, мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу мақсатында 6 сынып оқушыларымен «Мамандықтар әлемі» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушылар топтық жұмыстар жасай отырып, түрлі мамандықтар туралы танысты.