Мектеп - лицейімізде бітіруші сыныптардың ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындық және кәсіби бағдар беру бойынша ата - аналарымен жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында төмендегі мәселелер қаралды:

ҰБТ - ның құрылымы мен ережелері: Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу туралы нұсқаулықпен таныстырылды. ҰБТ - ның маңыздылығы мен оның жоғары оқу орындарына түсу процесіндегі рөлі туралы ақпарат берілді.
Оқушылардың дайындық процесі: ҰБТ - ға дайындықтың негізгі кезеңдері, оқушылардың қосымша дайындық курстары туралы айтылды. Дайындықтың тиімді әдістері ұсынылды.
Ата - аналарға кәсіптік бағдар беру туралы. Қорқыт Ата - атындағы Қызылорда университетінің Рекрутинг және мансап бөлімінің басшысы Мырзабай Асхат түсіндіру жұмыстарын жүргізді.