Ұлттық рух - тәуелсіздік тірегі
Тәуелсіздік - әрбір халықтың арманы, ұлы мақсаты. Ол тек мемлекеттің егемендігін, өз тағдырын өзі шешу құқығын білдіріп қоймай, сонымен бірге ұлттық сана - сезімнің, мәдениеттің, тілдің, тарихтың сақталуы мен дамуына негіз болады.
Мектеп-лицейімізде оқушылардың Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы білімдерін тереңдету, оның маңызын түсінулерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында «Ұлттық рух - тәуелсіздік тірегі» тақырыбында 8 - 11 сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаттары өткізілді.