"Ұлттық тағамдар" фестивалі
Өнегелі 15 минут
Ежелден қазақ халқы үшін ақ дастарханнан әрі дәмнен үлкен нәрсе болмаған. «Ас адамның арқауы» деп есептеген қазақтың ұлттық дастарханында бұрыннан қолданылған тағамдардың негізгі түрлерін еттен, сүттен, қымыздан, сарымайдан, құрттан және мал өнімдерінен әзірлеген. Сондай-ақ, осы тамақ түрлерінің емдік қасиеттері де жетерлік.
Мектеп-лицейімізде қазақ халқының бай гастрономиялық мәдениетін насихаттау, ұлттық тағамдарды таныстыру және олардың дамуына қолдау көрсету мақсатында 5-6 сынып оқушылары арасында «Ұлттық тағамдар» фестивалі видеороликтер сайысы өткізілді.
Нәтижесінде сайыстың жеңімпаздары анықталып, марапатталды.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/249-ltty-ta-amdar-festivali-tti.html#sigFreeId9d1180a2ee







