Мектеп-лицейімізде кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу, көркем шығармалар арқылы, отанға, еңбексүйгіштікке деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, бірнеше кітаптың авторы, «Кәсіпкер келбеті» газеті, «Кәсіпкер және мәдениет» журналының бас редакторы жерлесіміз Жүзбай Таңрықбаймен «Өткен күндерден бір белгі» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Оқушылар қаламгердің шығармаларынан монолог оқып, жыр шумақтарын арнады және еңбек жолының қыр-сыры туралы ой бөлісті.