Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Мектеп-лицейімізде Республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық науқаны аясында Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы аға инспекторы, полиция капитаны Әйгерім Ерболатқызы, №6 қалалық емхана психологы Шаекеева Айнұр және Мүсір-Әлі мешітінің бас имамы Отызбаев Қайырбек ұстаздың қатысуымен балаларға зорлық-зомбылықты алдын алу және оны болдырмау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.