"Ұстаз" фильмі Мектеп-лицейімізде Режиссер Ерлан Ошақбаевтың «Ұстаз» фильмін ұжым болып көрдік. ”Ұстаз” фильмінің идея авторы – Бейсен Құранбек, сценарийін жазған – Гүлмира Қадырқызы. Киноның басты идеясы — әрбір ұстаздың өзінің шәкірттеріне тек білім ғана емес, тәрбие де беретіндігі және оның қоғамның қалыптасуына қаншалықты маңызды рөл атқаратынын көрсету. Фильмде жас ұстаздың туған ауылына оралуы, өзі оқыған мектепте жұмыс істеуі, оқушылармен қарым-қатынасы көрсетілген. Фильм жалпы ұстаздық кәсіптің қадір-қасиетін, қиындықтарын және оның адам өміріндегі мәнін терең көрсетеді. Мұғалімнің қоғамдағы рөлі мен өмірдегі орны жайлы ой салатын туынды болып табылады.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/255-staz-filmi.html#sigFreeId8c7a5ded31







