Біріңғай ата-аналар жиналысы
Мектеп-лицейімізде 5-11 сыныптар бойынша қалалық төтенше жағдайлар басқармасының офицері Д. Сейіловтің, мектеп инспекторы М. Нағашыбаевтың және мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің қатысуымен бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында:
- 2024-2025 оқу жылындағы І - ІІ оқу тоқсаны бойынша оқушылардың оқу үлгерімін таныстыру;
- Қысқы каникул уақытында балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жүргізілетін іс-шаралармен таныстыру;
- Қысқы каникул уақытындағы балалардың қауіпсіздігі;
- «Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу»;
- «Жолда жүру ережесін сақтамау»;
- Басқа қалаларға топпен ұйымдасып саяхаттамау, қала сыртына шықпау, мұз айдындарына бармау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 06-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде, тұрғын үй жайдан тыс жерде жүрмеуі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/257-biri-aj-ata-analar-zhinalysy-tti.html#sigFreeIdfe97f68616







