Педагогикалық кеңес
Мектеп-лицейімізде 2024-2025 оқу жылының №2 педагогикалық кеңесі өткізілді.
Педагогикалық кеңесте төмендегі мәселелер қаралды:
- ІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша білім сапасын талдау;
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалардың бірінші мектепішілік, екінші қалалық кезеңдерінің қорытындысы туралы;
- Білім алушылардың жеке іс-қағаздарының жүргізілу жағдайы туралы;
- Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін гимназия/лицей сыныптарына арналған негізгі орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) жұмыс оқу жоспарына сәйкес вариативтік компонент жүктемесіндегі сабақтардың жүргізілуі туралы;
- Білім алушылармен әділдік және жауапкершілікке тәрбиелеу туралы атқарылған жұмыстар туралы;
- Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы туралы;
- Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісіне дайындық (ББЖМ) жұмыстарының жүргізілу барысы;
- Ағымдағы мәселелер.
Баяндамашылар аталған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тоқталды.
Мектеп басшысы Кабира Әнуарқызы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай отырып, ІІІ оқу тоқсанына сәттілік тіледі.