ҰБТ – болашаққа нық қадам!
ҰБТ-ға (Ұлттық бірыңғай тестілеу) дайындық жұмыстары – бұл ұзақ және күрделі процесс, ол сіздің біліміңізді шыңдауға, тестілеуге дағдылануға және психологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған.
Мектеп-лицейімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы жоспар негізінде қысқы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектеп бітіруші түлектермен ҰБТ-ға дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
ҰБТ-ға дайындық – бұл сіздің біліміңізді тексеру ғана емес, сонымен қатар өзіңізді тәрбиелеу және болашаққа дайындалу процесі.