Ата-аналар жиналысы
Жақсы әке үлгісі
Мектеп-лицейімізде отбасында тәрбиелік белсенділікті айқындау, әкелердің мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту, балалардың оқу мен тәрбие процесінде белсенді рөл атқаруына ықпал ету, қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында 5-10 сыныптар бойынша «Жақсы әке үлгісі...» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында:
- 2024 – 2025 оқу жылындағы ІІ оқу тоқсаны бойынша сынып жетекшілер оқушылардың оқу үлгерімін айта отырып, нормативтік құжаттармен таныстырды;
- «Жақсы әке үлгісі...» әкелер сайысы өткізілді. Әр сыныпта алдын ала берілген сайыс кезеңдері бойынша ережеге сәйкес әкелер мен балаларының бірлескен сайысы ұйымдастырылып, үздік деп танылған әке мен бала марапатталды.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті.
Жақсы әке болу — балаға рухани қолдау көрсету, оны дұрыс жолға салу және өмірде дұрыс құндылықтарды қалыптастыру.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/269-zha-sy-ke-lgisi-ta-yrybynda-zhinalys.html#sigFreeIda57a02d578







