#15mektep_lisei
#bilim_kzo
#birtytas_tarbie

Отбасындағы салауаттылық — өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады. Балалар — еліміздің болашағы. Балалар құқығын қорғау — егемен еліміздің асыл құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу — бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.
Мектеп-лицейімізде мектеп психологтары және әлеуметтік педагог 7-сынып оқушыларымен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық мәселесін түсінуіне, өз-өзіне баға беруге тәрбиелеу, сенімді мінез-құлықты дамыту мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында семинар сабақ өткізді.
Сабақ барысында зорлық-зомбылыққа ұшырамаудың алғашқы кеңестерін ұсынды және маманның көмегіне жүгіну керектігі жөнінде, сондай-ақ оны тоқтату жолдарына тоқталып өтті.