Мектеп - лицейімізде мектеп педагог - психологтары мен әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 8 - 9 - сынып қыз балалары арасында «Жыныстық қарым - қатынасты ерте жаста бастаудың зардаптары» тақырыбында сала аралық мамандар № 6 қалалық емхана акушер - гинекологы Мұратбек Индира және № 6 қалалық емхана психологы Шаекеева Айнұрдың қатысумен семинар сабақ болып өтті.
8 - 9 - сынып қыз балаларына жыныстық жетілу және ерте жүктіліктің қауіптілігі мен алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жасөспірім қыз бала психологиясы мен физиологиясына кері әсері мен тигізетін залалы жайында айтып ескертті. Оның себептеріне тоқтала отырып, сақтану жолдарына кеңестер ұсынылды.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/276-zhynysty-arym-atynasty-erte-zhasta-bastaudy-zardaptary.html#sigFreeIdb8b4ea7070







