Ана тілі аруы
”Сыр лигасы” жобасы
Мектеп - лицейімізде облыс әкімінің жүлдесіне арналған «Сыр лигасы» жобасы аясында қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге бағыт - бағдар бере отырып, жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әлептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында 8 - 9 сыныптар арасында мектепішілік «Ана тілі аруы» байқауы өткізілді.

Байқау бірнеше кезеңдерді қамтыды:
”Мен қазақтың қызымын”. Ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып өзін - өзі таныстыру;
”Бәйге”, салт - дәстүр, әдеп - ғұрып жөнінде сқрақтарға жауап беру. Ырым - нанымдар мағынасын ашу;
”Монолог оқу” Жазушылар шығармаларындағы ана бейнесі, ару бейнесін,сомдау, монолог оқу;
”Өнерлі өрге жүзер”. Қол - өнер сайысы (тоқыма, кесте, гобелен, құрақ құрау, оригами, квиллинг);
”Менің сәнді - ұлттық киімім”. (Ұлттық киім үлгісі және мән - мағынасын түсіндіру)
Нәтижесінде жеңімпаз арулар марапатталып, 8 сынып оқушысы Қиятова Аяру Бас жүлдемен қалалық кезеңге жолдама алды.