Зияткер отбасы
Сыр лигасы
Ата - аналарды педагогикалық
Қолдау орталығы

Мектеп - лицейімізде «Сыр лигасы» жобасы аясында «Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысы негізінде отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мәртебесін көтеру, жас ұрпаққа отбасылық салт - дәстүрлерді насихаттау мақсатында мектепішілік «Зияткер отбасы» сайысы өткізілді.

Сайыс төмендегі кезеңдерді қамтыды:
І кезең - «Бәйге» (әртүрлі саладан сұрақтар қойылады)
ІІ кезең - «Құндылықтар қоржыны» (салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру, ырым - нанымдар мағынасын ашу)
ІІІ кезең - «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы Қазақстан» (тарихи сұрақтар)
ІV кезең - «Ұлы адамдар» (қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалар жайлы сұрақтар)
V кезең - «Логикалық сұрақтар»

Сайыскер отбасылар:
5 «Ә» сынып ата - аналары атынан әкесі - Палжановтар отбасы;
5 «Б» сынып ата - аналары атынан әкесі - Өтеулиевтер отбасы;
5 «В» сынып ата - аналары атынан әкесі - Алдоңғаровтар отбасы;
6   сынып ата - аналары атынан әкесі - Буркулаковтар отбасы бақ сынасты.

Нәтижесінде
І орын -  Өтеулиевтер отбасы қалалық кезеңге жолдама алды;
ІІ орын - Палжановтар отбасы;
ІІІ орын - Алдоңғаровтар отбасы;
ІІІ орын - Буркулаковтар отбасы марапатталды.