Мектеп - лицейімізде жасөспірімдер арасында басқа адамдармен қарым - қатынасындағы сәтсіздіктерді шешу, суицид жағдайына бейім тұлғаның мінез - құлықтық ерекшеліктеріне тоқталу, өз өміріне деген талпынысын, мақсатын құруға, қиыншылықтарды жеңуге көмектесу мақсатында 7 - сынып оқушылары арасында «Облыстық жастар денсаулығы орталығы» мамандарының қатысуымен «Адам өмірі - басты құндылық» тақырыбында семинар тренинг өткізілді.
Балаларға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге ұмтылуға көмектесетін кеңестер ұсынылды.
Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесуге жақын адамдарды көмекке шақыру маңызды екені туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.