Республикалық «күй күмбірі»
Домбырашылар челленджі
Мектеп-лицейімізде домбыраның сырлы әуені шарықтады!
. Наурыз мерекесі қарсаңында "Күй күмбірі" челленджі ұйымдастырылды.
• Домбыра – қазақ халқының қастерлі ұлттық музыкалық аспабы. Бабаларымыздан мирас болып қалған домбыраның тарихи тамыры ғасырларға ұласады. Домбыра – баға жетпес жәдігер, қазақ халқының бойтұмары.
• Оқушылар қазақ халқының күйлерін орындады. «Күй күмбірі» челленджі – бұл, ұлттық музыканы дәріптейтін, домбыра өнері мен ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттайтын және ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын үлкен мәдени шара.