Мектеп-лицейімізде 2024-2025 оқу жылының №3 педагогикалық кеңесі өткізілді.

Педагогикалық кеңесте төмендегі мәселелер қаралды:
- 2024-2025 оқу жылының ІІІ оқу тоқсаны бойынша білім сапасына салыстырмалы талдау;
- “Біртұтас тәрбие бағдарламасын сабаққа енгізу жолдары” Ұлттық құндылықтарға негізделген тәсілдерді физика сабағына кіріктіру;
- ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының жай-күйі туралы;
- Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы;
- Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларымен таныстыру;
- Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру, буллинг/кибербуллинг жағдайларын уақытында анықтау, зорлық-зомбылықты, өзін-өзі бұзатын мінез-құлықты болдырмау мақсатындағы атқарылған жұмыстар;
- Ағымдағы мәселелер.

Баяндамашылар аталған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тоқталды.
Мектеп басшысы Кабира Ануарқызы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай отырып, ІV оқу тоқсанына сәттілік тіледі.