«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласында спартакиада өтті
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының демеуімен Медицина қызметкерлері күніне арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласының медицина қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Аталмыш спартакиадаға Шымкент қаласының ДСБ ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының ұжымы да қатысты.
Іс-шараның мақсаты: медицина қызметкерлері арасында спорттық және физикалық белсенділігін арттыру, денсаулық сақтау қызметкерлерінің өз денсаулығы үшін бірлескен жауапкершілігін қалыптастыру, сондай-ақ Шымкент қаласы тұрғындары арасында белсенді өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру белсенділігін арттыру арқылы денсаулық сақтау қызметкерлерінің денсаулығын нығайту, дене тәрбиесі мен спортты жеткізу және ұлттық ойындарын дамыту арқылы халықтың салауатты өмірін, «Таза Қазақстан» жобасын насихаттау.
Спартакиада барысында волейбол, футбол, арқан тарту, үстел теннисі т.б спорт түрлері жүргізілді. Спартакиадаға ЖИТС орталығының ұжымы да қатысып, волейбол спорт түрінен «Үздік ойыншы» номинациясын иеленгені үшін Ғ. Мустафин дипломмен марапатталды.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/313-deni-sau-lt-rbir-azamat-shin-sapaly-zh-ne-olzhetimdi-densauly-sa-tau-ltty-zhobasy-ayasynda.html#sigFreeId8df593a57e







