М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінде тірек және магниттік мектептер арасында

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы ҰБТ нәтижесін көтеру » тақырыбында тәжірибе алаңы өтті.

Мақсаты: «Мұғалімдердің іс-тәжірибелері мен жаңашылдық идеяларды ортаға салу,тәжірибе алмасу,әдістемелік көмек көрсету.» Тәжірибе алаңына тірек мектептер: №171,189.253,271 мектептердің математика және қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері, орынбасарлары қатысты. Тәжірибе алаңында математика пәні мұғалімдері Жамешов Балтабай 11 сыныпта «Логикалық- геометриялық есептер шығару», Аширова Баян 9 сыныпта «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын көтеруге арналған есептер шығару» тақырыбында сабақ өтті. «Оқу

сауаттылығындағы мәтін мен жұмыс түрлері » тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Жұмабекова Жазира,Балтабаева Айзат 11 сыныптарда сабақ өтсе,Теңізбаева Фарида

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың әдіс тәсілдерін сабақта қолдану тәжірибесінен » тақырыбындағы әдіс-тәсілдерімен таныстырды.