«Математика сабақтарында оқушылардың жобалау және зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты – әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын енгізу арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуын, сыни тұрғыдан ойлауын, оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту мақсатында тәжірибе алмасу.
Семинарға облыстық оқу орталығының директоры С.Асқаров, облыстық оқу орталығының әдіскері Шермағанбетова Гүлнұр және қала мектептері, аудан мектептеріндегі математика пәні мұғалімдері мен әдістемелік жетекшілер қатысты.. Семинарға келген мұғалімдерді мектеп жанынан құрылған «Ізденіс» жасыл академиясының жұмысымен таныстырылды.
ІІІ топпен 8 сабақ берілді. Сабақтардың барлығы жаңа технологиямен өтті.
Ы. Алтынсарин төс белгі иегері Жамешов Балтабай 11 сыныпқа «ҰБТ- ғы қиын есепті шығару тәсілдері» тақырыбында, Абжамалова Зәуреш 11 сыныпқа «Тригонометриялық теңдеулерді шешу тәсілдері» тақырыбында Гүлсара Жамкеева «10, 100, 1000, ... және 0, 1, 0, 01, 0, 001, ... сандарына көбейту және бөлуге есептер шығару» тақырыбында сабақтар берді.
Қала мектебінің математика пәні мұғалімдері де өз тәжірибелерімен бөлісті. №3 мектеп- лицейінің математика пәні мұғалімі Ж.Жалғасбаева 10 «Б» сыныпқа геометрия пәнінен “Туындыны табу ережелері” тақырыбында, №23 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Н.Жуманова 11 «А» сыныпқа геометрия пәнінен “Кеңістік денелерінің беттерінің аудандарын табуға арналған практикалық мазмұнды есептер” тақырыбында, №10 мектеп-лицейінің мұғалімі Г.Қосмұратова 7 «A» сыныбына “Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру” тақырыбында, №5 мектеп –лицейінің мұғалімі Ж.Мирманова. 5 «А» сыныбына “Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту” тақырыбында, №23 мектеп-лицейінің мұғалімі Г.Прназарова 9 «А» сыныбына математика пәнінен берілген факультатив сабақ бойынша “Ықтималдықтың негізгі теоремаларын қолдануға арналған аралас есептер” тақырыбында сабақтар берілді. Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Б.Ахметова өз тәжірибесін бөлісу мақсатында “Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын құрылымдық тапсырмалар арқылы дамыту” тақырыбында шебер сынып өтті
Семинар соңында облыстық оқу орталығының әдіскері сабақ берген мұғалімдерге сертификат табыстады. Семинарды мектеп-лицей директоры Күміскүл Серекеева қорытындылап сабақ берген мұғалімдерге және келген қонақтарға шығармашылық табыс тіледі.
Семинар соңында ұстаздар арасында кері байланыс орнатылды. Семинарда сабақ берген ұстаздар өз мақсаттарына жетіп, жоғары бағаланды.

М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп – лицейінде «Білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтың кәсіби шеберлігінің дамуы. Кәсіби құзіреттілігі дамыған мұғалім – мәңгілік ел ұрпағын қалаушы тұлға» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты – әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын енгізу арқылы оқушылардың өз
бетінше білім алуын, сыни тұрғыдан ойлауын, оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту мақсатында тәжірибе алмасу.
Семинарға қалалық білім бөлімінің басшысы А.Д.Нұрсейітов, қала мектептерінің директорлары, мұғалімдері, ПШО тренерлері келіп, «Ізденіс» жасыл академиясының ашылуына қатысты. Жылыжайдың ашылу салтанаты қалалық білім бөлімінің басшысы Нұрсейітов Ақарыс Дүйсенбайұлына және Қызылорда облысы бойынша БҰҰ «Даму» бағдарламалары жөніндегі менеджері Егізбаева Баян Жақсылыққызына берілді.
Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Ділманов Бауыржан «Саралау – тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастырудың тиімді тәсілі», Оспанов Ерболат «Оқытудың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ерекшеліктері: проблемалары мен оларды шешу жолдары» тақырыптарында тәжірибелік – блиц кездесу өткізді. Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жобасы аясында «Ата – ана жұмысындағы бір күн»,
«Қазақтың 100 әні», «7 қайырымды іс» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Семинар соңында ұстаздар арасында кері байланыс орнатылды. Семинарда сабақ берген ұстаздар өз мақсаттарына жетіп, жоғары бағаланды.


Тәжірибе алмасу-шеберлікті шыңдау баспалдағы» тақырыбында мектепішілік вебинар – практикум болып өтті. Вебинар – практикумның мақсаты: ғылыми зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастыруда педагог мамандарға қолдау көрсету, пән мұғалімдерінің оқушылардың ғылыми жоба тақырыбын таңдауына ықпал жасау. Пән мұғалімдеріне ғылыми жұмыстың формасын, әдіс – тәсілдерін ұсыну, пән мұғалімдері мен оқушылардың ғылыми жұмысын тиімді ұйымдастыру. Жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Вебинар – практикумда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті, т.ғ.к. А.Ж.Оразбақов «Ұлы Отан соғысындағы тарихын зерттеудің маңызды мәселелері», Биология, география және химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к. Р.Х.Курманбаев «Мектеп оқушыларының ғылыми жобаларын ұйымдастыру», Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. А.М.Абасилов «Академиялық жазылым: теориясы мен практикасы», Физика және математика кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, п.ғ.к. С.Қ.Меңліқожаева «Шығармашыл тұлға қалыптастырудағы дербес іс – әрекеттің маңызы» тақырыбында дәріс оқыды. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Қасымова «Оқушыларды ғылыми жоба жұмысына дайындаудың өзіндік ерекшкеліктері», география пәні мұғалімі Н.Нұрмаханов «Жылыжай топырағының құнарлығын зерттеу жұмысы» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/92-k-sibi-belsendilik-riptestik-bajlanys-zh-mystary.html#sigFreeId5f52edee80







