«Ізденіс» жасыл академиясының ашылуы


Оқушылардың «Ізденіс» ғылыми қоғамының жанынан 2017-2018 оқу жылында «Ізденіс» жасыл академиясы ашылды. Осы жобаның ашылуына БҰҰ «Даму» бағдарламасының аясында грант иеленуі. Қаржылай демеушілік жасаған - «Самсунг» компаниясы. Жобаның құны – 2 млн 500 мың теңге. Жылыжай көлемі – 200 шаршы метр.

 

 

Жобаның мақсаты

Жобаның мәні зор. Оқушылар биология, химия, география сабағында теориялық білімін тәжірибе жасау арқылы практикалық жұмыспен ұштастырады. Ғылыми жұмыс зерттейді.Оқушыларды еңбекке баулуға, туған жерін сүюге, болашақ ауылшаруашылық мамандықтарын таңдауға, еңбегін құрметтеуге дағды қалыптасады. Жоба мектеп ардагерлері, мұғалімдері, оқушылары мен ата – аналар, барлық қызметкерлердің қатысуымен жүзеге асырылды. Ең бастысы «Мұғалім – Оқушы – Ата - ана» ұрпақтар сабақтастығы, бірігіп жасалған жұмыс нәтижелі болатындығы айқын.

 

Қияр өнімін пайдалану

Жылыжайдан алынған өнім «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМКА Қызылорда облысы бойынша филиалынан зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қалалық білім бөлімініне сұраныс жазылып рұқсат қағазы алынды. Мектеп-лицейіндегі аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға берілетін ас мәзіріне қосымша

қияр салаты ретінде беріледі. Ата-аналар, мектеп қызметкерлері,мектеп ардагерлері қияр өнімімен қамтамассыз етілуде

 

Білім беру инновациялары: ізденіс және зерттеу

«Ізденіс»жасыл академиясында биология, география, химия пәндерінен практикалық, зертханалық сабақтар өткізуге мүмкіндік жасалған. Облыстық, қалалық мектептермен байланыс жасалынып, тәжірибе алаңына айналды. Қорқыт – Ата университетімен меморандум жасалынып ғылыми жетекшілермен, професорлармен жұмыс жасалуда.Оқушылар биология, география, химия бағыттары бойынша ғылыми жоба тақырыптарын бекітіп, зерттеу жұмыстарын жасауда. 2018-2019 оқу жылындаоқушыларымыз халықаралық, республикалық ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындар иеленді.

 

Жетістіктің кілті –ынта мен еңбек

11-14 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен "Бейбітшілік әлемі" Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен конференцияның республикалық кезеңіне оқушылар қатысып, халықаралық конференцияға жолдама алды. Халықаралық конференцияда биология бағыты бойынша «Табиғи сорбент қолдану арқылы қиярдың жылыжайда өнімділігін арттыру» тақырыбында 9 сынып оқушылары Байғабылова Аймерей Қайратқызы, Айдарбек Дана Тұрсынқызы қорғап бас жүлдемен оралды. Жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Серкеева Кумискул

Дубай қаласында өткен Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияға 4 оқушы қатысып, биология бағыты бойынша 9 сынып оқушылары Байғабылова Аймерей, Айдарбек Дана                                                                     бас жүлдемен оралды, география бағыты бойынша

  • сынып оқушысы Ақмұрат Шахризада І орын, химия бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Кобдиков Афрасияб І орын алды.

Облыстық жалпы пәндер бойынша ғылыми жоба конкурсында «Жылыжайда көк шөп дәмдеуіштерді тиімді өсіру жолдары» тақырыбында

  • сынып оқушысы Серік Айгерім ІІІ орын иеленді. "Бейбітшілік әлемі" Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен конференцияның республикалық кезеңіне 10 сынып   оқушысы       Байжігіт   Ақерке       «Бөлме

өсімдіктерін қосымша қөректендіру» тақырыбында қатысып І орын иеленді. Жетекшісі: биология пәні мұғалімі    Өміртай Арайлым.

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Табиғатты аяла»атты жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілердің республикалық форумының облыстық кезеңінен«Жылыжайда өсіретін қиярдың оқушылар денсаулығына пайдасы» атты тақырыпта 9 сынып оқушысы Сапар Аяулым І орын иеленді. Жетекшілері: К.Мұстақұл, М.Тасмағанбет

«Ізденіс» жасыл академиясы ұстаздардың өз бетімен ізденіп жұмыс жасауға  дағдыландыруда.

География пәні мұғалімі Нұрмаханов Нұрбек

«Оқушының зерттеушілік қабілетін дамыта отырып, шығармашылыққа баулу» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.Мақсаты оқушының биімділігін анықтау, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

 

 

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты Елбасымыздың бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне 2 жыл толуына орай «Ізденіс» жасыл академиясында облыстық «Оқушылар жылыжайының ғылыми – өндірістік нәтижесі» атты симпозиуым өткізіліп, жоғары дәрежеде бағаланды.

 

 

«Ізденіс жасыл академиясы» жылыжай жобасындағы «Жасыл әлем» тәжірибе алаңы

«Ізденіс жасыл академиясы» жылыжай жобасында 2020-2021 оқу жылынан бастап «Жасыл әлем» тәжірибе алаңы өз жұмысын бастады.  Жоба мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні  оқушылар мен мұғалімдер «Жасыл әлем» тәжірибе алаңында «Жас ғалымдар», «Жас биологтар», «Жасыл орта», «Жасыл желек»  топтарымен  ғылыми зерттеу жұмыстарын жасауда. Ең бастысы ұйымшылдықпен, бірлікпен жасалған жұмыс әрқашанда  нәтижесін берері анық. Бұндай жылыжай салу және көкөністер өнімін шығару жұмыстары мектебіміздің жан-жақты дамуының белгісі.