Психологиялық қызметтің жүргізілу мақсаты: Бiлiм алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай жасау және бiлiм беру үдерiсiне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері:
- білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
- білім алушыларға ақпараттық қоғамының жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық жәрдем көрсету;
- жеке тұлғаны психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету,
- психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
- психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
- психологиялық проблемалар шешуде және оқу тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
- білім беру үдерісі субъектілерінң психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін көтеру .
Жүргізілетін жұмыс бағыттары
1- бағыт. Диагностикалық:
-Жеке тұлғалық мәселелерді, өзара қарым-қатынасты, танымдық қабілеттерді, интеллектуалды даму динамикасын зерттеу;
-Оқушы, ата-ана, мұғалімдердің психологиялық саулығын нығайту және сақтау;
-Балалардың жеке тұлғалық даму кезіндегі қиындықтарын дер кезінде анықтау және оны жою жолдарын қарастыру
2-бағыт. Ағартушылық:
-Баланың дамуы үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында ата- ананың белсенділігін жоғарылатуға жағдай жасау;
-Оқушыларға әлеуметтік позитивті жағдай туғызу, сынып ұжымында жайлы жағдай қалыптастыруға ықпал ету (жалпы мектепішілік шаралар, сабақтар, сынып сағаттары арқылы);
-Семинарлар және ата-аналар жиналыстарын өткізу арқылы мұғалімдер мен ата- аналардың психологиялық сауаттарын ашу бағдарламасын жүзеге асыру;
3-бағыт. Коррекциялық:
-Оқушылардың әлеуметтік және оқу қажеттіліктеріне қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру;
-Өзара қарым-қатынас пен түрлі дауларды шешуде оқушыны қолдап, көмек көрсету;
-Топта жұмыс істеуге, оңтайлы, шығармашыл ахуал қалыптастыру;
4-бағыт. Кеңес беру:
-Бала психологиясының дұрыс қалыптасуына байланысты мұғалімдерге, ата-аналарға кеңестер беру;
-Оқушыларға, ата-аналарға, педагогтарға психологиялық көмек көрсету, ағымдағы мәселелер бойынша кеңестер беру;
5-бағыт. Әлеуметтік-диспетчерлік:
-Кең көлемде талап етiлетiн мамандардың кәсiптiк құзыреттiлiгi, функционалдық мiндеттерi шеңберiнен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дәрігерлермен, дефектологтармен, логопедтермен, тифлопедагогтар және т.б.) аралас-мамандармен өзара іс-қимыл жүргiзу;
ХХІ ғасырдағы ата-ана «Өз балаңа үлгі бол!» атты Республикалық ата-аналар жиналысы
Мектеп оқушыларының ата-аналарына, өтпелі кезеңнің қиындықтары бойынша психологиялық көмек ретінде жиналыс жүргізіліп, ата-аналар ақпараттандырылды.
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру жолында баланың мейірімді, сыпайы, адамгершілікті,инабатты, ибалы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата- аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда, мұғалім мен ата-аналардың өзара қарым- қатынасын нығайту, психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру психологтың міндеті болып табылады.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/95-pedagog-psikhologtaryny-psikhologiyaly-yzmeti.html#sigFreeId5e0855c980
«Өтпелі кезеңдегі қиындықтарды оңай жеңу жолдары» тақырыбындағы 8 сынып оқушыларының мектеп психологымен тренинг сәтінен
Психолог адамдар арасындағы қарым – қатынастың мәнін түсіну - өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу мақсатында 8-сынып оқушыларымен «Сүйіспеншілік» тақырыбында тренинг өтті.
Оқушылар өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіне отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білу керектігін түсінді.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/95-pedagog-psikhologtaryny-psikhologiyaly-yzmeti.html#sigFreeIdf56d5893e2
«Денсаулық және өмірлік дағдылар» дәрісін жүргізу сәтінен
«Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай – ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда мектеп оқушыларына арнайы дәрістер жүргізіліп отырады. Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану ережелері ұсынылып, түсіндірме жұмысы жүргізіледі.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/95-pedagog-psikhologtaryny-psikhologiyaly-yzmeti.html#sigFreeId9dd0fbbf07
Бесінші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі «Біз жаңа ортадамыз»
Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды. Бұл кез бастапқы жеткіншек шақ, бала ағзасында
физиологиялық өзгерістер өтіп, ол да із қалдырады. Осы мәселені шешу барысында 5-сынып оқушыларымен психологиялық сүйемелдеу жұмыстары жүреді. 5-сынып оқушыларымен орта буынға бейімделу тренингтері жүргізіліп отырады.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/95-pedagog-psikhologtaryny-psikhologiyaly-yzmeti.html#sigFreeId66a7f4249e
Мектеп мұғалімдерімен жүргізілген «Мақсатқа жету жолдары» атты психологиялық тренинг
Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу мақсатында мектеп ұжымымен әр түрлі тренингтер өтіліп тұрады.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/95-pedagog-psikhologtaryny-psikhologiyaly-yzmeti.html#sigFreeId96fa0052f7
6-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Мінез-құлқы, көңіл күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжрибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. М.Дүйсенов атындағы №15мектеп-лицей психологы Ж.Сағындық оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, қарым-қатынасты нығайту мақсатында 6-сынып оқушыларымен тренинг сабақ ұйымдастырды. Оқушылар адами қарым-қатынастағы игі әрекеттердің бірі-тіл табысу және өзара түсінісу болып табылатынын түсінді.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/95-pedagog-psikhologtaryny-psikhologiyaly-yzmeti.html#sigFreeIdac2b87cf09
Арман мақсат. Арман –күш қуат. Арман стимул. Адам қиялдану арқылы күйзелістен шыға алады дегенге сенесіз бе? Бұл да мүмкін екен. Армандау - адамның ішкі энергиясы толығып, болашағын айқын көре алатын, ұмтылысын арттыратын және жақсы өмір сүруге деген ынтасын күшейтетін қасиетке ие.
"Өмірге "Иə" деп айт" акциясы аясында 9-сынып оқушыларымен М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп лицей психологтары "Мен өмірді сүйемін.Армандар орындалады." тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтен оқушылар жақсы әсер алып, керемет көңіл-күймен тарқады.
https://kyz-15ml.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/95-pedagog-psikhologtaryny-psikhologiyaly-yzmeti.html#sigFreeIdf640e86717
Мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ-ға психологиялық тұрғыда дайындау сәтінен «Жетістікке жету кілті - қолымызда» тренингі
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. Осы мақсатта 11- сынып оқушыларымен ҰБТ тапсыруға психологиялық сүйемелдеу тренингтері жүргізіліп отырады.









