М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейімізде 15.10.2021жылында  «Оқуға құштар» мектеп жобасы аясында 7-сынып оқушылары арасында «Абайдың қара сөздері – асыл қазына» атты қара сөздерді жатқа айту сайысы болып өтті. Ұлы ақынның қара сөздерін талдау, талқылау мақсатында 5 бағытта жұмыс жасалды. Атап айтсақ, Бірінші бағыты бойынша оқушыларға кез-келген бір қара сөзі беріледі, соның мағынасын ашу. Екінші бағыты бойынша Абай атамыздың қара сөздері оқылады, сол қай қара сөз екенін оқушылар табу керек. Үшінші, қара сөздерден үзінді алынған және ол қара сөздерде берілген бос орындарды топпен ойласып отырып табу керек. Төртінші, Абай қара сөзіндегі мақал, нақыл сөздердің жалғасын тауып, түсіндіру керек. Бесінші бағытында, мүнда өздері таңдаулары бойынша кез- келген бір қара сөзің жатқа айтып береді. Сайысқа пән мұғалімдері қатысып, оқушыларды марапаттап,оқушыларға жылы лебіздерін білдірді.